Егіндікөл ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы
Ерлан Шойұлы - Алматы облысының тумасы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін математика бакалавры және магистрі мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2012 жылы Вашингтон қаласында Джорджтаун университетінде экономика магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласы № 131 мектеп-лицейінің математика мұғалімі болып бастаған. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2002-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кедендік бақылау саласында, 2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдар атқарды.
Бүгінгі таңға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің инспекторы болып істеді.
Өңір басшысы Мәлік Мырзалин Ерлан Исабеков пен аудан активіне бірқатар міндеттер жүктеді. Ауыл шаруашылығы саласында көктемгі егін егу науқанын сапалы жүргізу, барлық түрлері бойынша мал басының санын арттыру, сүтті мал шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін өңдеуді дамыту жобаларын жүзеге асыру.