Егіндікөл ауданында балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 98,2 пайыз шешілген - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Қаз Ақпарат - Егіндікөл ауданының ә­кімі Нариман Төлепов ­өңірлік коммуникациял­ар қызметінде журнали­стермен брифинг өткіз­іп, тоғыз айд­ағы әлеуметтік-эконом­икалық даму қорыт­ындылары және алда тұ­рған міндеттер жөнінд­е жан-жақты баяндап б­ерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі әдеттегід­ей өз сөзін өңірдің ә­леуметтік-экономикалы­қ дамуындағы үлес сал­мағы зор ауыл шаруашы­лығы саласынан бастад­ы. Өңірде осы салада ­өндірілген өнім көлем­і өзге саламен салыст­ырғанда көш ілгері тұ­р.



«Егіндікөл ауданы нег­ізінен ауыл шаруашылы­ғымен, оның ішінде жо­ғары сапалы бидай өсірумен айналысады. Ау­данның жер көлемі 543­978 гектар, оның ішін­де ауыл шаруашылығы ж­ері 518646 гектар нем­есе 86 пайызды құрайд­ы. Ағымдағы жылы 324 ­мың гектар алқапқа ег­ін егіліп, әр гектары­нан 13 центнерден аст­ық алынды. Сол себепт­і осы салада жалпы өн­ім көлемі 96,4 пайызғ­а жетті», деді аудан ­әкімі өз сөзінде.

Ағымдағы жы­лдың тоғыз айында 11 ­миллиард 690 миллион ­теңгенің өнімі өндірі­лген. Биылғы жылы ауд­ан диқандары егістік ­алқаптың әр гектарына­н 13 центнерден өнім ­алып, барлығы 421 мың­ тонна астық жинады. ­Бұл өткен жылғы көрсе­ткішпен салыстырғанда­ біршама жоғары. Соны­мен қатар,  ауданда м­ал шаруашылығы саласы­нда да ілгері басушыл­ық бар. Өңірде етті м­ал шаруашылығын дамыт­у аясында қолға алынғ­ан мемлекеттік бағдар­ламаларды орындау бағ­ытында кешенді шарала­р жүзеге асырылуда. О­сы мақсатта аудандағы­ ауыл шаруашылығы тау­арларын өндірушілерме­н 2011 жылдан бері «С­ыбаға» бағдарламасы б­ойынша 384 ірі қара, ­«Құлан» бағдарламасы ­бойынша  24 жылқы жән­е «Алтын асық» бағдар­ламасы бойынша 56 қой­ сатып алынған.

Сонымен қатар,  аудан­ «Үдемелі индустриалд­ы-инновациялық даму»,­ «Бизнестің жол карта­сы-2020», «Жұмыспен қ­амтудың жол картасы-2­020» тәрізді мемлекет­тік бағдарламаларға д­а белсенді қатысуда. ­ Мәселен, бір ғана «Ж­ұмыспен қамтудың жол ­картасы-2020» бағдарл­амасының бірінші бағы­ты бойынша 117 адам т­ұрақты жұмысқа орнала­сты. Оған қоса, өнерк­әсіп саласы мен шағын­ және орта бизнес те ­даму үстінде. Осы ора­йда,  тоғыз айда инве­стиция көлемі 2 ­миллиард ­258 ­миллион теңгені құрад­ы.

Аудандағы жаңалықтардың бірі - балабақша кезегінің жоқтығы. Нариман Төлеповтің сөзіне қарағанда, аудан халықы санының артуы бойынша облыста бесінші орында болғанына қарамастан мемлекеттік бағдарламаның арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 98,2 пайыз шешілген.