Апатқа ұшыраған ресейлік А321 қирандылары Каирге қауіпсіз жерге жеткізілді, деді ол. Ол сондай-ақ екі «қара жәшік» те апаттың алғашқы күні табылғанын айтты. Комиссия басшысының айтуынша, ұшақ бөлшектері аумағы 12 шақырым жерге шашылған, олардың барлығы бірдей табылған жоқ.
Табылған қиранды бөлшектері әзірге ұшаққа әсер ету сипатын анықтауға мүмкіндік бермей тұр, деді ол.
Египет билігінде әзірше ресейлік ұшақтың апатқа ұшырауы себептерінің нақты нұсқасы жоқ, оқиғанының мүмкін болған барлық сценарийлері қарастырылуда, деп хабарлады Би-би-си.
Қазіргі кезде тергеу ақпараттар жинауды жалғастыруда, деді әл-Мүкаддам.
Еске сала кетейік, ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының Airbus A321 ұшағы 31 қазанда Синай түбегінде апатқа ұшырады. Борттағы барлық 224 адам қазаға ұшырады.