«Генерал әл-Сиси Египет билігі бұрынғыша конституция жасау және елде сайлау өткізу бағытында жұмыс жасап жатқанын атап өтті», - деп хабарлады Пентагон басшысының баспасөз хатшысы Джордж Литтл. Сондай-ақ Египеттің әскери көшбасшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Уильям Бернспен кездесуді күтіп отырғанын айтқан. Атап өтейік, бұның алдындағы Ч.Хейгел мен А. әл-Сисидің телефон арқылы әңгімесінде Пентагон басшысы генералды саяси тұтқындаудан және зорлық-зомбылық жасаудан аулақ болуға шақырды, деп хабарлады Associated Press.
Египеттің қарулы күштері 2013 жылғы 3 шілдеде президент Мохаммед Мурсиді биліктен тайдырғанын және конституция күшін тоқтатқанын жариялады. Египет армиясының бас қолбасшысы А. әл-Сиси төтенше шаралардың ұлттық көшбасшы ретінде М.Мурсиді қабылдамаған «халық еркін» орындау деп түсіндірді. Елде жаңа парламенттік сайлау таяудағы алты айдың ішінде болмақ. Одан кейін президент сайлауы ұйымдастырылады.