Египет пен АҚШ Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге келісті

Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 20 жүк көлігін өткізу үшін Рафах бақылау-өткізу пунктін ашуға келісті. Kazinform бұл туралы BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com.

АҚШ президенті Джо Байден журналистерге жол жөнделіп жатқандықтан көмек жұмадан кейін жететінін мәлім етті.

«Олар жол жөндейін деп жатыр. Жүк көліктері өте алу үшін шұңқыр жерлерді тегістеу керек», - деді ол сәрсенбі күні журналистерге.

Байден 20 жүк көлігі алғашқы бөлік екенін атап өтті. Жалпы гуманитарлық көмек ретінде 150 көлік жіберу жоспарланған.

АҚШ пен Египет арасындағы келісім президент Байденнің Израильге сапары кезінде орнатылды.

Израиль Газа секторында аурухананың жарылуына қатысы жоқ екенін айтты. Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, палестиналық бейбіт тұрғындар паналап отырған ауруханада болған жарылыстан 471 адам қаза тапқан.

Израиль жарысты ұйымдастырған Хамас деп мәлімдеп, жарылысқа палестиналық зымыран себеп болғанын айтты.

7 қазанда ХАМАС-тың Израильге шабуылынан басталған соғыс қимылдары салдарынан 1400-ге жуық Израиль азаматы мен 3500-ге жуық палестиналық қаза тапты.