Египет соты елдің экс-президенті Хосни Мүбәракты ақтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Египеттің Жоғарғы апелляциялық соты  2011 жылы оның мемлекетті басқаруына қарсы өткен жаппай шеру кезінде мерт болғандардың өлімі бойынша айыпталған елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракты ақтады, деп хабарлайды Би-би-си.

 Істі тыңдау бейсенбіде кешке дейін жалғасты. Қорытындысында судья өмір бойы бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалған бұрынғы президентті кінәсіз деп тапты.   Сонымен қатар сот шеру кезінде қаза тапқандардың туған-туыстарының  азаматтық қуыным бойынша істі қайта қозғау жөніндегі өтініштерін қабылдаған жоқ.

Мүбәрак соңғы бірнеше жылдан бері денсаулығы  нашарлағандықтан госпитальда жатыр. Бірақ осы сот процесіне өзі қатысты. Сотқа оны тікұшақпен жеткізген.

Еске сала кетсек, Мубарак 1981- 2011 жылдар аралығында Египет президенті лауазымында болды.  Ол 2011 жылғы қыста басталған  елдегі жаппай наразылық салдарынан қызметімен қоштасуға мәжбүр болды. Қарсылық білдіргендер  елде президенттің отставкасын және экономикалық реформаны талап етті.