Полиция өкілдерінің хабарлауынша, жас христиандар өз көшбасшыларының жаппай шеру акцияларына қатыспаңдар деген сөзін елемей, Асьют қаласы көшелеріне шықты, деп хабарлайды Associated Press.
Ұрандатқан демонстранттар билік партиясы ғимаратының қарсы бетіне жиналды. Олар сонымен қатар аумақты күзететін құқық қорғау қызметкерлерін таспен атқылады. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.