Айта кетейік, бұл сайлау 2011 жылдың ақпан айында бұрынғы президент Хосни Мубарактың отставкаға кетуінен кейін өткізілейін деп тұрған бірінші сайлау. Президенттікке үміткер қатысушылар кем дегенде елдің 15 елді мекенінен 30 мың египеттіктің немесе 30 депутаттың қолдауына ие болуы керек, деп хабарлады Associated Press агенттігі.
Египет елінің президенттігіне араб мемлекеттері Лигасының бұрынғы басшысы Әмір Мұса және бұрынғы премьер-министрі генерал-лейтенант Ахмед Шафик жетекші кандидат ретінде танылып отыр.
Президенттікке үміткер болып отырған танымал адамдардан басқа үй шаруасындағы әйелдер, оқытушылар, журналистер, сот билері, қорғаушылар, аспаздар, мейрамхананың иелері және басқа да саланың өкілдері өтініш білдірді.
Кандидаттарды тіркеу 2012 жылдың 10 наурызынан басталып 8 сәуірге дейін жалғасады. Сайлау 23-24 мамырда болады.