Портал мәліметі бойынша, Гиза провинциясы Атфих қаласындағы тасжолда маршруттық такси жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккен бес адам оқиға орнына жақын жердегі Бани-Суэйф қаласының ауруханасына жеткізілді.
Египеттің орталық статистикалық бюросының есептеуінше, 2019 жылы елдегі жол апатының 80%-ға жуығына адам факторы себеп болған, ал мұндай келеңсіз жағдайдан 3500-ге жуық тұрғын қаза тапты.
Фото: Reuters