Египетте парламент сайлауы күні белгіленді

None
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Египетте президент тағынан тайдырылғаннан бері алғашқы рет 2011 жылғы 21 қарашада сайлау өткізілмек, деп хабарлады Reuters агенттігі арабтың «Әл-Арабия» спутниктік телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметі бойынша, 21 қарашада мысырлықтар парламенттің төменгі палатасына, ал екі айдан кейін - 2012 жылғы 22 қаңтарда жоғарғы палатаға үміткерлерді сайлайды. «Әл-Арабия» бұл ақпаратты Мысырдың Орталық сайлау комиссиясы төрағасына сілтеме жасап жариялап отыр.

Reuters сайлау күні туралы ресми түсіндірмені әзірге алмағанын атап көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылғы қаңтардағы жаппай бұқаралық толқудан кейін Мысыр президенті Хосни Мүбарак қызметінен кеткен болатын. Ол ел билігі тағында 30 жылға тарта уақыт отырды. Оның отставкасынан кейін Египеттің билеуші Ұлттық-демократиялық партиясы таратылды, ал оның қызметіне сот шешімімен тыйым салынды.