Жексенбіде Танта қаласындағы шіркеуге діни мерекеге келген 27 адам алғашқы жарылыста қаза тапты. Тағы 16 адам Александриядағы ғибадатханадағы жарылыста ажал құшты. Олардың қатарында жанкештіге шіркеуге кіруге кедергі жасаған бір полицей де бар.
Еске сала кетсек, христиан-коптар Мысыр халқының 10 пайызын құрайды.