АСТАНА. KAZINFORM – Қызыл теңіздегі әйгілі Хургада курортында акуланың пайда болғаны туралы хабардан кейін Мысыр үкіметі қажетті шараларды қабылдағанын хабарлады. Бұл туралы Al Masry Al Youm басылымы жазды.
Басылымның мәліметінше, кеше Аль-Гуна ауданындағы Абу Минкар аралының маңында акула көрінген. Қорық басшылығы акуланы бақылау шараларын бастаған. Олар жағалауға суға түсуге барғысы келетіндерді өте сақ болуға шақырады.
2023 жылдың Маусым айында Ресей тұрғыны жыртқыштың құрбаны болған еді, оны ешкім құтқара алмады. Қыркүйектің ортасында Мысырдың Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Синай түбегіндегі Дахаб қаласының жағалауында акуладан жергілікті халықтың өкілі де зардап шеккенін хабарлады.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы