«25 маусымда Каир метрополитенінде екі адам зардап шеккен жарылысқа байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте демалыстағы қазақстандық туристерге курорттық аймақ шегінен шықпауға және лаңкестік және криминалдық қауіптер басым қалалар мен аудандарға бармау жайлы ескертеді», - деп жазылған хабарламада.
19:14, 27 Маусым 2014
Египеттегі қазақстандық туристер курорттық аймақ шегінен шықпаған жөн - Туризм индустриясы комитеті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египеттегі лаңкестіктерге байланысты демалушыларға курорттық аймақ шегінен шықпау туралы ескертеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.