Егіс науқанына дайындық: Диқаншыларға отандық тұқым сепкіштер лизингке беріле бастайды

None
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы - «ҚазАгроҚаржы» АҚ «АгромашХолдинг» қазақстандық кәсіпорнынан тұқым сепкіштер кешенін сатып алып, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне лизингке беруді жоспарлап отыр.

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы бірқатар жылдан бері ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, оларды кейін лизингке беру бөлігінде «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. 2010 жылдан бастап, көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамынан барлығы 198 бірлік тұқым сепкіш сатып алған. Соның ішінде 2012 жылдың егіс науқаны шеңберінде жалпы құны 54 млн. 867 мың теңгеге «АгромашХолдинг» АҚ өндірісінің 57 тұқым сепкішін (2011 жылы - 93, 2010 жылы - 48 тұқым сепкіш) сатып алып, лизингке берді.Ағымдағы жылы отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өтінімдері негізінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ аталмыш тұқым сепкіштерді тиісті көлемде сатып алуды көздеп отыр.

Бүгінгі таңда егіс науқанына арналған техника ерекше сұраныста. Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына республиканың агроқұрылымдарынан жалпы құны 10 млрд. астам теңге тұратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы техникалар мен оларға қажетті аспалы топырақ өңдейтін жабдықтар сатып алуға 1094 өтінім келіп түсті.Тиісті шарттарқазақстандық өндірушілермен және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілермен ғана емес, сонымен қатар таяу және алыс шетелдердегі серіктестермен де жасалды.

Ағымдағы жылы енгізілген субсидиялау тәртібіне сәйкес, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекет ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жалпы қаржыландыру ставкасының 7% есесін қайыруға міндеттеніп отырғанынайта кеткен жөн. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы техникаларының және арнаулы техникалардың лизингі бойынша ставканың мөлшері субсидиялауды есепке алғанда, жылдық 12,8% орнына 5,8%құрайды. Субсидия берілу мерзімі оны 7 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен - 3 жыл.

«ҚазАгро» ұлттық холдингі ауыл тұрғындарына алдағы егін егу науқанына көмек ретінде жалпы 74,3 млрд.-қа жуық теңге бағыттауға ниетті. Республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына арналған қаражат холдингтің еншілес компаниялары - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ желісі бойынша бөлінетін болады.