Егіз жігіттің үйлену тойы: егіз дін қызметшісі неке қиып, егіз бүлдіршін егіз қалыңдықтың етегін ұстады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда ерекше үйлену тойы өтті, деп хабарлайды шетелдік БАҚ-қа сілтемемен 24.kz хабарлады.

Егіз жігіт бір күнде егіз қызға үйленуге бел байлапты. Алайда егіз ағайындылар бұнымен тоқтамай, неке қию салтанатына егіз дін қызметшісін шақырған. Бұған қоса тойдың ерекше сәнін дәстүр бойынша қалыңдықтың етегін ұстап, жолдарына гүл шашатын балақайлар келтірді. Ағайындылар оларды да арнайы таңдап, бір-бірінен аумайтын егіздерді шақырған.