Сот отырысындағы сұрақтарға жауап берген балалардың әкесі олардың өлтіргенде мас болғанын айтты.
«Маскүнемдікке салынғандығымның салдарынан балаларды қылқындырдым. Ол (айыпталушы Волченок - ред.) келгенде ұлым қолында ұйықтап жатыр екен. Ол да мас әрі шаршаңқы болды, сосын біз ұйқыға кеттік. Кейін ол оянып: «Балалар қайда?» деп сұрады. Балалар үйіне апарып тастадым дедім. Біз далаға шығып серуендеп келдік те, пәтер ауыстырдық. Түсте ол тағы ұйықтап қалды. Артынан балалар алаңқайына шығып тағы серуендедік. Сол жерде мен балаларды өлтіріп тастағанымды айттым. Біз төбелесіп қалдық, бізді арашалап алды. Сосын пәтерге қайта бардық, өзімізге қол салайық деп шештік. Мен газды қосып, ұйықтадық. Бірақ біз өлмей қалдық. Содан кейін жиналып, аудандық ІІБ бардық», - деді сотталушы Гильмутдинов.
Гильмутдинов Волченконың қорғаушысы қойған сұрақтарға жауап бергенінде ұйқыға кетер алдында газды қосып тастағанын азаматтық некедегі әйеліне айтпағанын да мойындады.
Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түркісіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен өлі сәбилер табылды. Екі ұл баланың өлімі механикалық асфиксиядан болғаны анықталды. Кейін оларды туған әкесі Эмиль Гильмутдинов буындырып өлтіргені белгілі болды. Мүрделерді тоңазытқышқа салып кеткен. Ер адам сотта кінәсін мойындап, балалардың жылап ұйқы бермегені өлтіргенін айтқан. Кейін балалардың анасы Алла Волченко мен күйеуі үлкен ұлдары Равильді Самал шағынауданындағы аулалардың бірінде қаңғыртып тастап кеткен. Бала аулада 3 күн жүрген. 2-3 жастағы Равильді сол шағынаудандағы аулалардың бірінде тұрғындар тауып алып, полиция шақырған.