Оның сөзінше, аталған портал мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыруға, артық талаптарды болдырмауға және инфрақұрылымға жүктемені азайтуға мүмкіндік берді.
— eGov порталы да өзінің технологиялық мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп келді. Осыған байланысты жақында QazTech платформасында әзірленген заманауи eGov 3.0 порталы іске қосылды. Қызметтер барынша оңай, пайдаланушы үшін ыңғайлы форматта жинақталды. Талаптар мен қадамдар саны азайды. Сұранысқа ие қызметтердің бір бөлігі жаңа форматта қолжетімді, — деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен бірге, порталда кері байланыс нысаны іске қосылды. Онда әрбір пайдаланушы қызметтерді одан сайын ыңғайлы қылу жөнінде өз ұсынысын жеткізе алады.
— Барлық қазақстандықты белсенді қатысуға шақырамыз. Үздік ұсыныстар порталды одан әрі жаңғырту барысында ескеріледі. Жұмыс әрі қарай жалғасады, — деп үндеу жасады министр.
Айта кетейік, бұған дейін барлық мемлекеттік орган QazTech платформасымен жұмыс істейтінін жазғанбыз.