Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қызметінің негізгі бағыттары бойынша статистикалық мәліметтерінде көрсетілген.
«Электрондық үкімет» порталы бойынша 2012 жылдың 20 ақпанындағы жағдайға сәйкес, «egov.kz» арқылы 10 млн. 764 мың е-анықтама, 957 515 ЭЦҚ берілген.
Бүгінгі күні «egov.kz» порталы арқылы қызметтерді алу танымалдылығы артып келеді. Мысалы, ақпанның 6-сы мен 12-сі аралығында 6260 мекенжай анықтамасы электрондық нұсқада іске асырылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңінде 1065-ті құрады. Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы ақпанның 6-сы мен 12-сі аралығында жеке және заңды тұлғаның жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары туралы 33 968 анықтама ХҚКО арқылы берілсе, 18 840 анықтама «egov.kz» порталы арқылы жүзеге асырылды.