«22 шілде сағат 21:00-ден 23 шілде сағат 02:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Еске сала кетейік, таяуда ЕeGov Mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет түрі іске қосылды. Яғни, енді колледж дипломының цифрлық нұсқасын аталған порталдың көмегімен алуға болады.