«18 ақпан сағат 21:00-ден 19 ақпан күнгі 07:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осы уақытта электрондық үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», - делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сауал жолдау қызметі жабылатынын мәлімдеп едік.