eGov порталында мемқызметтер бойынша қоңырау шалуға арналған қосымша нөмір іске қосылады

Фото: PhotoMIX Company/Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 28 шілдедегі Үкімет қаулысымен байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қоңырау шалу тегін болып табылатын жедел медициналық, құқық қорғау, өрт сөндіру, апаттық және өзге де қызметтер тізбесіне өзгерістер енгізілді.

Тізімге қосымша нөмір енгізілді. Енді мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс орталығына келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады:

  • 1414
  • 8 800 080 77 77

Қаулы 2025 жылғы 10 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстанда 10 негізгі мемлекеттік қызметті онлайн форматқа көшіру жоспарланғаны хабарланған болатын.