Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу дирекциясының хабарлауынша, басылымның бірінші саны жарты жылдан кейін жарық көрмек.
Қазіргі кезде оның бірыңғай дизайны мен форматы әзірленіп жатыр. Туристер «Astana Official Guide» басылымы арқылы қаланың көрікті жерлерімен, астаналықтардың мәдени және іскерлік өмірімен таныса алады. Сондай-ақ, кітапшада шетелдік қонақтарға арналған мәдени, ойын-сауық нысандары, денсаулық сақтау және білім мекемелері туралы ақпарат та жарияланады, деп хабарлайды astana.k.