Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Филиппиннің Субик-Бей қаласында триатлоннан ересектер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті.

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы жарысты төрт медальмен аяқтады.

Жасөспірімдер бәсекесінде Рамазан Әйнегов пен Алуа Нұрмұхамет алтын жүлде жеңіп алды. Ал Валерия Шнейдер мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс медальға ие болды.

Ересектер арасындағы сайыста қазақстандық Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, ьұған дейін жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанғанын жазған едік.