Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының медальдар кестесінде бүгін екі алтын жүлдеден кейін Қазақстан құрамасының қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір ел құрамасы еншісінде 56 медаль (7 алтын, 12 күміс, 37 қола) бар. Медальдар кестесінде 11-орында тұр.
Бұл жөнінен Қытай 323 медаль алып, (174 алтын, 96 күміс, 53 қола) көш бастаған. Одан кейінгі орындар Жапония (147 медаль: 37 алтын, 51 күміс, 59 қола), Оңтүстік Корея (150 медаль: 33 алтын, 45 күміс, 73 қола) еншісінде.
Айта кетсек, бұған дейін Азия ойындарында командалық сайыста қазақстандық Евгений Федоров чемпион атанды.
Ал екінші орын тағы бір қазақстандық Алексей Луценкоға бұйырды.
Сондай-ақ, джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.