Екі халықаралық есірткі арнасы жойылды
10:15, 19 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе отырып, халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді.
ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.
Заңсыз айналымнан 20 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.
Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.
Айта кетейік, оралдық тұрғын жылыжайда есірткі заттары бар өсімдік өсірген.