Екі қазақстандық гимнаст Болгарияда өтетін әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтеді.

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыс 28-30 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Халықаралық гимнастика федерациясы халықаралық турнирге қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан құрамасының атынан Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетеді.

Жалпы тізімге 95 спортшы тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан «Aphrodite Cup» турнирінде елордалық спортшылар топ жарғанын жазғанбыз.