Екі күнде 20 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтініш берді
20:44, 14 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Кеше Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Сенбі-жексенбі демалыс екеніне қарамастан комиссиялар грант конкурсына өтінім қабылдап отыр.
Кешелі бері грантқа түскен өтінім саны 19 774 болды. Бұл — бүгін кешкі 19.00 кезіндегі ақпарат. Бұл сан әлі өсе беретіні анық.
Мұның ішінде 17 909 өтінім ұлттық тестілеу орталығы арқылы берілген.
1865 өтінім — электронды үкімет арқылы.
Талапкерлер мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін қабылдау комиссиялары демалыс күні де толық жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер кез келген ЖОО базасында құжат тапсыра алады.