Екі мыңға жуық мектеп Starlink интернетіне қосылды

Фото: Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — 1 731 мектеп Starlink интернетіне қосылды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі білім саласында бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр. 

Оның ішінде мектептер оғары жылдамдықтағы интернетке спутниктік Starlink технологиясымен қосылып жатыр. 

Starlink терминалдары орнатылғаннан кейін мектептердегі интернеттің орташа жылдамдығы 150 Мбит/с құрайтын болады.