Екі облыста ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол мамандары екі облыста ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді

Дерекке қарағанда, 5 наурыз күні сағат 01:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақтөбе облысы:

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Батыс Қазақстан облысы шекарасы учаскесі — Қобда ауылы).

Батыс Қазақстан облысы: 

— «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысы шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 5 наурыз сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, тұрғындар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Бүгін еліміздің 15 өңірінде тұман түсіп, бұрқасын болады.