Екі облыста көлік қозғалысы қайта жанданды

Фото: Алматы әкімдігі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы жанданғанын хабарлады.  

— 2026 жылғы 6 наурыз сағат 04:00–де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады, — делінген хабарламада.

Абай облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 967-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы:

— «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Рубеж бекеті).

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Айта кетейік, Қазгидромет бүгін Қазақстанның барлық 17 облысында дауылды ескерту жариялады.