- 2025 жылғы 6 қараша сағат 23:30-да күн райының қолайсыздығына (жел, жаңбыр, көктайғақ, температураның төмендеуі) байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Ақмола облысы: «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы: «Астана – Ерейментау – Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін). Жолды 2025 жылғы 07 қараша сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Осыған дейін 15 облысына ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жаздық.