Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
22:42, 09 Ақпан 2026
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
9 ақпан сағат 22:20-да Қостанай мен Ақмола облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі:
Қостанай облысы
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы);
Ақмола облысы
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстанда тағы бір жол жабылғанын жазған едік.