Екі облыста көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты Атырау мен Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.
2026 жылғы 26 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады:
Атырау облысы:
– «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 179-210 шақырым аралығы (Майкөмген ауылынан Маңғыстау облысының шекарасына дейін).
Маңғыстау облысы:
– «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 210-332 шақырым аралығы (Атырау облысы шекарасынан Бейнеу ауылына дейін).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр.
Бұған дейін 26 қаңтарда жолдағы ахуал қандай екенін жазған едік.