Екі облыста жазғы дөңгелекпен жабдықталған автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол тағы екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Фото: Көлік министрлігі

2026 жылғы 23 қазан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

Ақмола облысы:

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 159 — 200 шақырым аралығы (Ерейментау қаласы — Павлодар облысының шекарасы);

Абай облысы:

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)» автожолының 587 — 733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы);

Сонымен қатар 23 қазан сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан қ. айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)» автожолының 910 — 1105 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 971 — 1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 778 — 968 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — Қалбатау ауылы);

- «Өскемен — Семей» автожолының 103 — 198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы);

Жолды 2026 жылы 24 қазан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.