Екі облыста жол жабылды

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

11 наурыз сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:

Ақмола облысы:

– «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысы:

– «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы — Шідерті кенті).

Айта кетейік, жолды 11 наурыз сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын 11 наурызда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық екенін жазғанбыз.