Екі облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

2025 жылғы 27 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Ақмола облысы:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).

Биыл республикалық жолдарда ұялы байланыс сапасын жақсарту жұмыстары басталатынын жазған болатынбыз.