Екі облыстағы жолдарда ауа райына байланысты шектеу енгізіледі

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 4 ақпан сағат 19:45-де күннің бұзылуына байланысты Ақтөбе мен Қызылорда облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдарда қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» мекемесі.

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автомобиль жолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі («ЭКО ойл» ЖҚС – Қызылорда облысының шекарасы);

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы);

Жолды 2026 жылғы 5 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Осыған дейін 4 ақпанда елдегі қай жолдар жабық тұрғаны туралы хабарладық.