Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Жамбыл облысы ПД

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2026 жылғы 20 ақпан сағат 10:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі: 

Ақтөбе облысы:

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

 Қызылорда облысы:

– «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 20 ақпан сағат 21:00-де ашу жоспарланып отыр. 

Бұған дейін 20 ақпанда республика бойынша қай жолдарда қозғалыс шектелгенін жазған едік.