Екі жасар баланы 4-қабаттан лақтырып жіберген шымкенттік қамауға алынды, деп хабарлайды Kazinform.
Шымкентте 2021 жылы туған сәбиді психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын туысы 4-ші қабаттың терезесінен төменге тастап жіберген.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жас бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 40 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.