1000 метрге жарысудан Айдова сегізінші орын иеленді. Ол 1.13.7 уақыт көрсеткішін тіркеген болатын. Бұл қазақстандық спортшының ең үздік нәтижесі әрі Қазақстан рекорды саналады.
Аталған жарыста америкалық Бриттаний Боуи жеңімпаз атанса, жапониялық Михо Такаги мен Нао Кодайра өзара күміс пен қоланы бөлісті.