Екатерина Айдова: Менде Қазақстанда бәсекелес жоқ

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчханда өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан 1000 метр қашықтықта сынға түскен Екатерина Айдова жарыстан кейін өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Шынын айтсам, шаршап қалдым. Бізде спорттың бұл түрінде бәсекелестік жоқ. Біз бір орында қалып қойдық. Ал өзге елдің спортшылары әр күн сайын алға жылжып барады. Сол үшін Олимпиада ойындарынан кейін басқа клубқа ауысатын шығармын. Ол жағын толықтай шешкен жоқпын. Бұл Қазақстан азаматтығынан бас тарту деген сөз емес. Сіздер дұрыс қабылдаңыздар", - деп атап өтті Айдова.
 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Пхенчханда өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан 1000 метр қашықтықта сынға түскен Екатерина Айдова жалпы есепте 24-орынға ие болғанын жазған болатынбыз.