Израильдің Акко қаласында 10 маусымнан бастап теннистен халықаралық ITF Women's турнирі өтіп жатыр. Жарыстың жүлде қоры - 25 000 АҚШ доллары.
Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко израильдік спортшы Шелли Березнякпен жұптық сында турнирдің финалына шықты.
Финалға шығу үшін қыздар кортта ресейлік жұп Кружкова және Вишневскаямен кездесіп, 6:0, 6:7(4), 10:8 есебімен жеңісген болатын.
Финалда Дмитриченко мен Березняк түрік-хорват жұбы Сойлу және Ньиричпен жеңіске таласып, 2:6, 0:6 есебімен жол берді.