Екатерина Пузикова Ресейдегі табаны ең үлкен бойжеткен атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы тұрғыны Екатерина Пузикова елдегі әйелдердің арасында табаны ең үлкені атанып, Ресейдің рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлады бүгін, 51 қарашада Om1.ru.

Интернет-ресурстың атап өтуінше, 23 жастағы бойжеткеннің табанының ұзындығы 302 миллиметр, яғни 47-размер.

Пузикованың айтуынша, оған шақ келетін аяқ киім табу қиын болған. Тек ерлер бөлімінен ғана сатып алатын болған.

Екатеринаның бойы да ұзын, 193 сантиметр.