Екатерина Шабалина Олимпиаданы 55-орынмен аяқтады

Фото: olympic.kz

ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында сынға түскен отандасымыз Екатерина Шабалина жарысты 55-ші орынмен аяқтады.

Ол алғашқыда 1,5 шақырым қашықтықты жүзіп өтті. Ал 40 шақырым қашықтықты құрайтын велосипед сайысында Екатерина бастапқы кезеңде-ақ жарыстан шығып қалды.

Барлығы әйелдер арасында 55 триатлон шебері сынға түсті.

Екатерина Шабалина - 1998 жылы 28 мамырда Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында дүниеге келген.

2021 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен — триатлон, стенд ату, бокс, спорттық гимнастика және оқ атудан жарыс жолына шығуы тиіс.

Қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі.

Олимпиаданың төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 12-ші орынға жайғасты.