«Екатеринбор-Алматы» трассасында 3 көлік соқтығысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Екатеринбор-Алматы» трассасының 1230 шақырымында 3 көлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 14:00 шамасында Целиноград ауданы аумағында болған.

«Анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған 61 жастағы астаналық басқарған «Митсубиси Паджеро» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Скания» көлігімен соқтығысты. Бұдан жабық кузовты жүк көлігінің дөңгелегі тесіліп, ол да жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Бұған қарсы бағытта жүріп келе жатқан «КамАЗ» жүк көлігі соғылды. Жол апаты салдарынан «КамАЗ» жүк көлігінің 58 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына жеткізілді», - деп түсіндірді ведомстводан ҚазАқпара тілшісінің сауалына.

Айта кетейік, жол аталмыш жол апаты туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды.