Екатеринбор балабақшасындағы жаппай улану: құрбан болғандар бар

None
АСТАНА. Маусысмның 23-і. ҚазАқпарат - Кеше Екатеринбор ауруханасында «Ладушки» балабақшасынан үш жасар тәрбиеленуші қыз қайтыс болды, ол Карпинск қаласынан «салмонеллез» диагнозымен ауыр хәлде жеткізілген болатын.

Облыстық прокуратурада атап өткеніндей, бұдан бұрын балалар мекемесінде тәрибиеленушілер мен қызметкерлердің жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын, деп хабарлады РБК агенттігі.

Қыз баланың өліміне байланысты облыстық прокуратура қылмыстық іс бойынша тергеуді қатаң бақылауға алды.

Бұдан үш апта бұрын Карпинск қаласындағы балабақшада ондаған адам - тәрбиеленушілер мен қызметкерлер тағамнан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Олардың көпшілігі жазылып шықты. Санитарлық қызметтің мәліметіне қарағанда, оған сальмонеллез себеп болған.