Екатеринборда ішінде иесіз арыстан бар темір тор табылды

None
АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Екатеринбордың үйлерінің аулаларының бірінен ішінде арыстаны бар темір тор табылды,

деп хабарлайды Лента.ру. Хайуанды сот приставтары тауып алып, ол туралы ақпаратты Сведрлов облысының табиғат қорғау ведомствосының өкілдеріне хабарлады.

Жыртқыштың торда ұсталу жағдайын жіті тексерген мамандардың айтуынша, арыстан үшін бұл тор тым тар. Көлемі 4-те 4 метр. Мұндай шағын тор арыстанға толыққанды дамуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, арыстанның ұсталу жағдайы тек арыстанның өзіне ғана емес, сонымен қатар Екатеринбор тұрғындарына да қауіп төндіретіндей. Өйткені, арыстанның торы қаланың Киров ауданы үйлеріне жақын жерден орын тепкен екен.

Айта кетер мәселе, арыстанның қожайындары әлі күнге табылған жоқ. «Арыстан біздікі деп келетін адамдар бар, бірақ олардың ешбірі арыстан сол адамның иелігінде екендігін растайтын құжаттарды көрсете алмай отыр», - деді "Интерфакс" агенттігімен әңгіме барысында Свердлов облыстық прокуратурасының өкілі.

Свердлов облысының прокуратурасы жабайы аңның тар қапаста ұсталуына қатысты тексеру жұмыстарын бастап та кетті. Ал арыстанның өмір сүру жағдайын дұрыстап, оны басқа қолайлы мекенге ауыстыру мәселесі жақын арада өз шешімін таппақ.