Екі сағат жарым уақыт бойы нон-стоп режимінде ресей өңірлерінде және сондай-ақ Қазақстанда жүзеге асырылатын бірнеше ондаған перспективалы инвестициялық жобалар ұсынылады. «Мұндай марафон алғаш рет өткізілгелі отыр және оның басты міндеті - әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлерге екі елдегі бүкіл инвестициялық мүмкіндіктер туралы барынша толық ақпарат беру», деп хабарлады Ресей өңірі Үкіметінің баспасөз қызметі.
Шараның модераторы Орталық Уралды дамыту корпорациясының бас директоры Сергей Филиппов.
«Бұл марафонға Свердлов облысының Үкіметі мен Урал сауда-өнеркәсіптік палатасы бастамашы болды. Қазір бізден де, қазақстандық тараптан да жобаларды іріктеу жүріп жатыр. Қазақстандықтар мұндай шараға үлкен қызығушылық танытты, сондықтан да оған қатысуды шектеуге мәжбүр болдық, әйтпесе марафон бірнеше күнге созылып кетер еді», - деп атап өтті ол.
Марафонға қатысушылар алдында күрделі міндет тұр - небәрі 10 минуттың ішінде жобаны мүдделі адамдар қызығып, дереу үн қататындай етіп таныстыру қажет. Атап айтқанда, Свердлов облысынан «Титан аңғары» ЕЭА жобасы ұсынылады, оны іске қосумен Орталық Уралды дамыту корпорациясы, сондай-ақ «Новоуральский» индустриялық паркі айналысты, ал оны жүзеге асырумен корпорация айналыспақ. Қазіргі кезде осы индустриялық паркті басқару компаниясын құру жүріп жатыр, оған әлеуетті резиденттер іріктелуде.