Атап айтқанда, «Екатеринбург - Алматы» жолының Чистополье елдімекенінен Алматы облысының шекарасына дейінгі 835-856 шақырымында көлік жүруіне тыйым салынды.
Сонымен қатар, осы «Екатеринбург - Алматы» халықаралық тасжолының Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы мен Жақсы ауылы аралығындағы 856-917 шақырымы жабылған.
«Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 693 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жолдағы жағдай туралы ақпаратты білу және бөлісу үшін 1403 және 7 778 001 1403 ұялы телефоны бойынша диспетчерлерге WhatsApp-қа хабарласуға болады» деп мәлім етті министрліктен.