«Екатеринбург-Алматы» жолының учаскесінде жол жабылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты «Екатеринбург-Алматы» жолының учаскесінде жол жабылды.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, бұл жолдың 856-917 шақырымындағы Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы мен Жақсы елдімекені аралығында барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта еліміздің өзге өңірлерінде республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда.